Жаңалықтар

Жас каратэшілер БАӘ-де өткен турнирде 4 алтын жеңіп алды

Фото: ашық дереккөз

БАӘ-нің Фуджейра қаласында жастар арасындағы А сериясының 2025 жылдағы алғашқы турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz

Бұл сында Қазақстан спортшылары 11 медальмен (4 алтын, 7 қола) жалпы есепте 4-сатыға жайғасты. Ал аталған додада Ресей спортшылары көш бастаса, екінші орынға Иран құрамасы қол жеткізді. Ал үздік үшінші орынға Мысыр командасы ие болды.

Алғашқы алтынды кумите бағдарламасында Дінмұхаммед Айдарбек (U16-17) 55 кг дейінгі салмақта топ жарып, қоржынға салды. Дінмұхаммед 2023 жылы осы Фуджейрадағы жарыста 3-орын алған.

Осыдан кейін 14-15 жас санатында Нұрасыл Нұрсейіт (-52 кг) пен Сұңқар Қанибек (-70 кг) чемпион атанды. Нұрасыл аса тартысты өткен финалда Максим Виечкановты (Украина), Сұңқар Хорватия өкілін тізе бүктірді. Ал шешуші жарыс күні Аяулым Тілектес (-47 кг) барлық 6 жекпе-жекте қарсыласын жеңіп, мықты екенін көрсетті.

Қола медаль жеңіп алып, үздік үштікке кірген спортшыларымыздың тізімі:

U21 жас санаты – Ақниет Шеризат (-55 кг)

U16-17 жас санаты – Гүлнұр Қойшыбай (-59 кг);

U14-15 жас санаты – Амир Кеңесбай (-52 кг), Руслан Еркін (-57 кг), Батыр Әділ (-57 кг);

U12-13 жас санаты – Арнұр Мұрат (-45 кг) пен Инсар Ахмадиев (-50 кг);

Айта кетейік, Фуджейрадағы турнирге 87 мемлекеттен 2 400-ге жуық спортшы жиналды. Қазақстаннан биыл барлығы 140 каратэші сынға түсті. Жастар арасындағы серияның келесі кезеңін Гвадалахара қаласы (Испания) қабылдайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close