Әлем жаңалықтары
Жерар Депардьенің үстінен іс қозғалды

Фото: ТАСС
76 жастағы Депардье салық төлеміндегі алаяқтық бойынша тергеуге алынған, деп хабарлады qandastar.kz
Бұдан бөлек, былтыр Париж прокуратурасы актерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты тергеуді бастаған еді. Депардьені қорғауға 50 шақты француз мәдениет қайраткері шықты. Бұл іс бойынша тыңдаулар 2025 жылдың наурыз айына белгіленді.
Судьялар сондай-ақ актердің денсаулық жағдайына байланысты 2024 жылдың қазан айындағы тыңдауларға қатыспағанын ескере отырып, «медициналық сараптама» тағайындады.
Айта кету керек, Жерар Депардье 2013 жылдың қаңтар айының басында Ресей азаматтығын алған болатын.