Әлем жаңалықтары

Ресейдің бес порты санкцияға ілінді: қазақ мұнайының тасымалына қауіп бар ма?

Фото: Дагестан.ру

Еуропалық одақ Ресейдің бес портымен қандай да бір тасымалды жүзеге асыруға тыйымды да қарастыратын 16-санкциялар пакетін жариялады. Мұнай саласының сарапшы Олжас Байділдинов мұның Қазақстанға ықтимал теріс әсерін атап, өз болжамымен бөлісті, деп жазады qandastar.kz LS басылымына сілтеме жасап.

SDN парағында Астрахань, Махачкала, Усть-Луга, Приморск және Новороссийск порттары көрсетілген. ЕО мәліметінше, бұл порттар арқылы санкцияны айналып өтіп, шектеу енгізілген Ресей мұнайы экспортталады.

Олжас Байділдинов түсіндіріп өткендей, көлеңкелі флоттағы 74 танкермен шикізат таситын компанияларға бірқатар тауарларды, технологияларды және бағдарламалық жасақтамалардың да тасымалына тыйым салынды. Сарапшының айтуынша, бұл логистиканы қиындатып, соның ішінде Ресейден келетін энергетикалық ресурстар өнімдерінің қымбаттауына әкеліп соғуы мүмкін.

«Иә, біз мұнайымызды Новороссийск арқылы да тасымалдаймыз. Бұл жерде теңіз терминалы емес, одан сәл әрі қарай орналасқан порттың өзі туралы сөз болып отыруы мүмкін. Махачкала арқылы жүкті алмастыра тиеу қарастырылған. Мүмкін шикізаттың бір бөлігі Усть-Луга арқылы өтетін шығар. Бірақ, негізінен, Қазақстанға бұл шектеулерге әсер етпеуі керек», – деп түсіндіреді ол.

Dalanews.kz  хабарлағандай,  бұл арада салынған санкциялар салдарынан тауарлар мен тасымал қызметтері қымбаттауы мүмкін, содан кейін сақтандыру қағазын алу да қиынға соғуы ықтимал. Сондай-ақ, танкерлерге санкциялар қолданылған жағдайда өнім тапшылығы да туындауы мүмкін.

«Көлеңкелі флот – бұл қандай да бір кемеге қатысты шектеу ғана емес. Бұл тасымалмен айналысатын командаға қатысты жеке тыйымдар. Бөтен бір елде, барлық карталарыңыз бұғатталып, қалып кетсеңіз жағдай, әрине, өте қиын ғой. Әлбетте, бұл санкциялардың барлығы тасымал мен логистика желісінің бұзылуына әкеліп соғады. Оның салдары Қазақстанды шарпымайды деп жақсыдан үміттенгеннен басқа бізде амал жоқ. Қалай болғанда да, ресми мәлімдемелерді күтейік «, – деп сөзін қорытындылайды Олжас Байділдинов.

Сонымен қатар, Еуроодақтың санкциялық тізіміне екі қазақстандық компания – Kazstanex және Metallstan да енгені белгілі болды.

Бұған дейін сайтымызда «Ешқай порт қабылдамайды». Мұнай тиеген ресейлік танкерлер теңіз бетінде «тентіреп» жүр» деген мақала жарияланған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close