Жаңалықтар
Алматыда жарты жыл бұрын жоғалып кеткен қыз бен жігіт табылды

Фото: әлеуметтік желіден
Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен қыз бен жігіт аман-есен табылды, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілеріне полициядан мәлімдеген.
Алматының волонтерлері таратқан бағыттамаға сәйкес, 2007 жылы туған Лағыл Бұланбаева мен 2002 жылы туған Айбек Базарбаев 2024 жылы 24 қыркүйекте жоғалып кеткен. Сағат таңғы 6-да қыз бен жігіт Еңбекшіқазақ ауданы, Кировец ауылдық округіндегі 14-ші линия, 1-үй мекенжайынан бірге кеткені анықталған.
Волонтерлердің мәліметіне сүйенсек, жоғалғандар 21 ақпанда табылды. Осы уақытқа дейін олардың қайда жүргендері айтылмаған.