Оралман куәлігі

Қандас куәліктерін ұзарту туралы ақпарат!

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының (бұдан  әрі- Басқарма) көші-қон жүйелері бөлімінің қызметкерлері ҚР ІІМ Алматы қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, оралман мәртебесінің мерзімін өткізіп алғандығына қарамастан этникалық қазақтарға  жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын беру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Осындай шараны қабылдау этникалық қазақтар арасында әлеуметтік шиеленісті шешіп қана қоймай, олардың Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының жақсаруына әсер етуіне ықпалын тигізеді.

Өз уақытында Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен ала алмаған қандастар жедел тұрде Басқарманың көші-қон жүйлері  бөліміне  хабарласуларынызды сұраймыз.

Басқарманың мекен-жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85 үй, 3 этаж, 308 кабинет, анықтама телефоны: 8 (727) 338-30-46.

Қандас куәлігінің мерзімін ұзарту жөнінде Шешім алғаннан кейін Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен (3 айдың ішінде) алу үшін ҚР ІІМ Алматы қаласы Полиция департаменті  Көші-қон қызметі басқармасына осы Шешіммен бірге қажетті құжаттар азаматтық алуға тапсыру қажет.

*Ескерту: Осы мүмкіндікті жіберіп  алмау керектігін ескертеміз!

Көші-қон жүйелері бөлімі

К. Т. Галиева

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close