Жаңалықтар
Президент Ердоғанмен не туралы тілдесті?

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазды qandastar.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.