Әлем жаңалықтары
Қазақстанда туған Валентина Бусик Германия аруы атанды

Фото:Philipp von Ditfurth
Дәрігер Валентина Бусик 2025 жылғы Германия аруы атанды. Германиялықтар Қазақстанның тумасына дауыс берген. Валентина Бусик сұлулық байқауында медицинаға жасанды интеллектті қалай қосу керегін көрсетті, деп хабарлайды qandastar.kz Нessenschau сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
27 жастағы дерматолог Валентина Бусик – Қазақстанның тумасы. 5 жасында бүйрек ауруына шалдыққандықтан, отбасымен Германияға көшіп келген.
Араға 22 жыл салып, қыз Германияның арулар байқауына қатысып, медицинадағы жаңалығын ұсынды. Ол жасанды интеллекттің көмегімен медициналық терминологияны түсінікті етпек. Ару медицина терминдерін 40 тілге аударатын қосымша жасап шығарды.
Соның арқасында Бусик жаңа «Германия аруы» атанды. Ол Фрайбург маңындағы Руст қаласында Еуропа-Паркте сегіз финалисті жеңді.
Германияда сұлулық байқауының форматы өзгерген. Бұрынғыдай дефиле, бикинимен подиумда жүру емес, әлемді өзгерткісі келетін қыздарға көбірек көңіл бөледі. Бұл жолы экономика және еңбек нарығындағы қыздар жоғары бағаланды.
Валентина Бусик Гиссен қаласының атынан қатысыпты.
«Менің миссиям — жасанды интеллект көмегімен Германияның денсаулық сақтау жүйесінде төңкеріс жасау», – деді ол.