Жаңалықтар
Жалғас Жұмағұлов UFC-дің экс-жауынгерін жеңді

Фото: Josh Hedges/Getty Images
Қазақ ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов Павлодарда өткен Fight Nights турнирінде америкалық Джастин Скоггинсты жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды qandastar.kz
Қазақстандық спортшы UFC-дің экс-жауынгерін төрешілер шешімімен ұтты. Осылайша, Жұмағұловтың бокстағы екінші кездесуі де жеңіспен аяқталды.
Айта кетейік, Жалғас кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсан айында өткізген еді. Отандасымыз Норвегия спортшысы Раванда Оубуды төрешілер шешімімен ұтқан.
Жалғас Жұмағұлов аралас жекпе-жекте 26 рет октагонға шығып, оның 17 жеңіспен, 9 кездесуді жеңіліспен аяқтаған. Соңғы рет спортшы 2024 жылдың қазан айында Словакияның Братислава қаласында Octagon MMA лигасында Уэльс спортшысы Аарон Эйбиді жеңген еді.