Қаржы және төлемдер
Зейнетақы төлемдері төмендеп жатыр ма?

Фото: ашық дереккөз
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2025 жылғы 27 ақпанда ведомство алқасында ынтымақты еңбек өтілінің табиғи төмендеуі және зейнетақы жинақтарының төмен деңгейі зейнетақы төлемдерінің төмендеуіне әкелетінін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz
Министр 1998 жылдан бастап зейнетақы жүйесін дамытудың негізгі бағыты жинақтаушы зейнетақыға көшу екенін атап өтті.
«Алайда, бүгінгі күнге дейін зейнетақы құрылымында мемлекеттік бөлік — ынтымақты және базалық зейнетақы басым. Зейнетақылар мен жәрдемақылардың тең мөлшерін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілді», – деді Жақыпова.