Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
АҚШ ағылшын тілін мемлекеттік тіл деп бекітті

Фото:istockphoto.com
АҚШ-та тарихи оқиға болды – ел аумағында қолданылатын тілдердің бірі алғаш рет заңды түрде мемлекеттік тіл ретінде танылды, – деп хабарлайды qandastar.kz
«Бұл бұйрық ағылшын тілін Америка Құрама Штаттарының ресми тілі ретінде белгілейді», – делінген Ақ үйдің мәлімдемесінде.
Aikyn.kz жазғанлай, тиісті жарлыққа АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойды. Құжатқа сәйкес, бұл қадам ел тұрғындарының бірлігін нығайту және ортақ америкалық мәдениетті сақтау мақсатында қабылданды.
Сонымен қатар жарлықтың бір тармағы ағылшын тілін жеткілікті деңгейде білмейтін азаматтарға мемлекеттік қызметтерді басқа тілдерде ұсынуға мүмкіндік берген нормативтік құқықтық актілердің күшін жояды.
Ресми деректерге сүйенсек, АҚШ азаматтарының шамамен 80 пайызы үйде тек ағылшын тілінде сөйлейді. Ал испан тілі танымалдығы жағынан екінші орында – оны тұрғындардың 10 пайызы қолданады. Сондай-ақ елде әлемнің түрлі тілдерінде сөйлейтін миллиондаған адам бар