Жаңалықтар
Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді

Фото: ақорда
Ақорданың баспасөз қызметі Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалғанын жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz
Келтірілген ақпаратқа сәйкес, Ұлттық құрылтайдың жұмысына қоғам өкілдері тартылды:
- Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ төрайымы Зүлфия Байсақова,
- Мәжіліс депутаты, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» ҚБ төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Әлтай,
- Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев,
- қаржыгер, NAC Analytica төрағасы Расул Рысмамбетов;
- Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Дания Қыдырбаева.
Ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Т. Керімқұлов, А. Ерниязова, Н. Қоянбаев, С. Досжанова шықты.