Қаржы және төлемдер

Перизат Қайраттың ісінде Asarume қайырымдылық қоры жәбірленуші деп танылды

Фото: ашық дереккөз

Қайырымдылық қорынан ақша жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың ісінде Asarume қайырымдылық қоры жәбірленуші деп танылды. Бұл туралы qandastar.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 басшысы Перизат Қайраттың қаржы жымқыру ісі бойынша қосымша дерек пайда болды. Asarume қайырымдылық қоры желіде мәлімдеме жасап, істе жәбірленуші болып танылғанын жазды.

“Біз сенгіміз келмейтін фактілер шындыққа айналып, бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болды. Бұл оқиға игі істермен айналысатын әр адамға әсерін тигізіп, қайырымдылыққа деген сенімге күмән ұялатты.

Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 жасаған алаяқтық әрекеттер біздің қорымызға да әсер етті. Тергеу нәтижесінде «Асар Үме» ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды”, – деп мәлімдеді қор.

Алайда қор өкілдері істің мән-жайын толық жариялаудан бас тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайратқа мүгедек балаларға арналған орталық салуға жиналған 22 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылған еді.

Еске салайық, “Biz Birgemiz” қорының басшысы Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген еді. 

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қайырымдылыққа бөлінген қаржының негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылған. Биыл көктемде ол елордадағы автосалоннан 88 миллион теңгеге «Mercedes-Benz S450», 80 миллион теңгеге «Lexus LX-600» және 39 миллион теңгеге «Haval» автокөліктерін сатып алған.

Осыдан кейін Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 мәжбүрлі түрде таратылатыны белгілі болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close