Жаңалықтар

Сәбит Мұқанов Бауыржан Момышұлына қандай баға берген?

Фото: ашық дереккөз

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Бауыржан Момышұлына Сәбит Мұқановтың берген бағасы туралы айтты, деп жазды qandastar.kz

«Бауыржан Момышұлы а деп аузын ашса, афоризм атып кететін адам еді, халқын керемет сүйген адам. Бауыржан Момышұлы қан майданнан шығып, Алматыға келе жатқанда Сәбит Мұқанов айтқан екен «Кіші Бөкейханов» келе жатыр» деп. Не деген баға?! Ол кезеңде қауіпті, қатерлі баға еді. Баукең осыны айтып, бірде мақтанатын, бірде «Сәбит Мұқанов мені ұстатып жіберейін деп айтты ма екен» деп тағы да ағасына өкпелеп отыратын. Бірде мені жазушы еткен Сәбит ағам деп жазады, екінші бір сөзінде Сәбит Мұқанов Алашорданы құртқан адам дегенді жазады. Қысқасы, дүниетанымы да қайшылықты. Адам ретінде, жазушы ретінде, әскери ғылымның докторы ретінде, соғысқа қатысқан, дивизия басқарған қолбасшы ретінде Бауыржан Момышұлы қашанда биікте қала береді. Оның кемшілігіне кешіріммен қарауымыз керек те, ұлылығын жүрегімізге ұялата білуіміз керек», — деді жазушы-ғалым.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close