Жаңалықтар

Алматы әуежайында қызметкерге шабуыл жасаған ер адам бұған дейін автобуста қызды ұрған

Фото: ашық дереккөз
Алматы әуежайында қызды кепілге алған күдікті бұған дейін де жауапкершілікке тартылған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полициясы бүгін әуежайда ұсталған күдікті бұған дейін автобустағы қызды ұрған адам екенін растады.

Сол кезде оны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған еді.

«Алматы полиция департаменті екі іске де бір адамның қатысы бар екенін растайды. Қоғамдық көліктегі оқиғадан кейін Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот тергеу барысында бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу шарасын таңдады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен».Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close