Жаңалықтар
«Қызымның шашын қырды»: Блогер ата-анасына ренжіп түсірген видеосы арқылы миллиондаған табыс тапқан

Фото:скрин
Блогер бұл ақшаны әкесіне беруді жөн көрген.
Қызының шашын рұқсатсыз кесіп тастағаны үшін ренішін білдірген блогер желідегі видеосы арқылы 2 миллион теңгеге жуық пайда тапқан, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұған дейін тараздық блогер кішкентай қызын ата-анасына қалдырған кезде олар рұқсатсыз бүлдіршіннің шашын тақырлап алып тастағанына ашуланып, жылаған видеосын жариялаған еді.
TikTok желісінде жарияланған видео 48 миллионнан астам қаралым жинаған. Әлеуметтік желі блогер Камила Уәлиеваға кең тараған видеосы үшін 1 миллион 800 мың теңгеден астам ақша төлеген.
Skifnews жазғандай, блогер бұл ақшаны әкесіне беруді жөн көрген. Әйелдің айтуынша, егер әкесі қызының шашын алып тастамағанда ол мұндай табыс таба алмас еді.