Білім

Депутат Назарбаев университетіндегі жағдайды баяндады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Назарбаев университетінің» декан лауазымына отандық мамандарды алмайтынына шүйлікті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында депутат жаңа ректормен кездесіп, университетке қатысты бірқатар жайтты аңғарған.

«Қазіргі басшылық рейтингтерге басымдық беріп отыр. Университет тек рейтинг үшін жұмыс істей бастағанда, басты назар басқа бағытқа ауысады. Иә, халықаралық тізімдерде жоғары орын алу – бедел мен мәртебе тұрғысынан маңызды. Бірақ білім беру жүйесінде басқа да көрсеткіштер ескерілуі тиіс. Оның үстіне, бүгінгі нәтижелер осыдан 5–6 жыл бұрынғы жұмыстың жемісі», – деп жазды ол Телеграм арнасындағы парақшасында.

Сөзінше, университет алғаш құрылғанда шетелдік профессорлар мен менеджерлердің көмегімен дамыды.

«Алғашқы кезеңде бұл орынды шешім болды. Бірақ 15 жылдан астам уақыт өтті. Логикалық тұрғыдан алғанда, қазақстандық ғалымдар мен басқарушылардың академиялық ортаға біртіндеп интеграциялануын күтуіміз керек еді. Әрине, шетелдік профессорлар мен басшылардың үлесі сақталуы керек, бірақ қазақстандық мамандар үшін де мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Бұл жерде де баланс қажет», – деп атап өтті депутат.

Асхат Аймағамбетов қазақстандық қызметкерлер әлі күнге дейін негізінен әкімшілік блоктарда жұмыс істейтінін жектізді. Яғни, олар көбінесе көмекші персонал ретінде ғана қызмет атқаратын көрінеді.

«Ал бізде Лига плюща, Оксфорд, MIT және әлемнің жетекші университеттерінде білім алған, тәжірибе жинақтаған жоғары деңгейлі мамандар бар. Неге олар Назарбаев Университетінің академиялық негізінің бір бөлігі бола алмайды? Қазіргі уақытта университеттегі декандардың ішінен тек біреуі ғана – Қазақстан азаматы. Провост немесе басқа факультет декандары қазақстандық емес», – деді Мәжіліс депутаты.

Фото:informburo

Мәжілісмен Назарбаев Университеті елдің білім беру экожүйесінің ажырамас бөлігі болғысы келсе, онда жабық клуб моделінен бас тартуы тиіс екенін баса айтты, деп жазды qandastar.kz

«Қазақстандық ғалымдар мен басқарушыларды белсенді түрде тартуы керек. Өз тәжірибесін кеңірек таратып, қазақстандық мектептер мен жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық орнатуы қажет», — деп ұсынды депутат.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close