
Бүгін «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ұлтараздық қақтығыстарды болдырмау жолдары» атты конференция болды.
Спикер ретінде саясаттанушы Асхат Қасенғали сөз сөйлеп, қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара барысында этникалық тыныштық, діни татулықты сақтау маңызы, этностардың мемлекеттік тілді үйрену жолдары сынды тақырыптар көтеріліп, қандастарға бағыт-бағдар берілді.
«Адырна» ұлттық порталы