Жаңалықтар
Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту аймақ экономикасына қалай әсері етті?
Тағы да Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту тақырыбында сөз қозғамақпын. Неліктен мен өз шолуларымда дәл осы зауытты ерекше атап өттім?
Оның басты себебі бұл зауыт толық жаңғыртудан өтті және бұрынғы Атырау мұнай өңдеу зауытының негізінде жаңа өндіріс орны салынды. Енді кәсіпорын мұнайды терең өңдеу кешені, әрі хош иісті заттар шығаратын зауыт. Қайта құру кезінде тіпті зауыт ішіндегі темір жолдар да жаңғыртылды. Мұнай өнімдерін түсіру стансасы Атырау қаласының сыртына көшірілді, бұл қала экологиясына да, қауіптілігі жоғары жүктерді қала шегінен тыс тасымалдауға да әсер еткені сөзсіз.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мұнай өнімдерін, атап айтқанда, жанармай, дизель және авиациялық отын өндірісінің айтарлықтай артуына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту тиімділігінің деңгейіне көп көңіл бөлінеді.
Бірақ жүргізілген қайта құрудың басқа маңызды нәтижесі – кәсіпорынды жаңғыртудың ел үшін және оның ішінде өңір бюджеті үшін салық төлемдерінің артуы, экономикалық тиімділігіне назар аудару қажет.
Еліміздегі ең ірі салық төлеуші »Теңізшевройл» ЖШС Атырау облысының, жалпы еліміздің бюджетін толықтыруда шешуші рөл атқаратыны анық.
Аталған зауытты жаңғырту нәтижесінде Атырау облысының бюджетіне түсетін түсімдердің үлесі 2017 жылғы 16,4 млрд теңгеге өсті. 2020 жыл қорытындысы бойынша 35,3 млрд теңгеге дейін жетті.
Сонымен қатар, 2017 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытының Атырау облысы бюджетіне аударым сомасы жергілікті бюджет кірістерінің жалпы сомасының шамамен 15%-ын құрады, қазірдің өзінде жергілікті бюджетке салық түсімдерінің шамамен 20%-ын кәсіпорын қамтамасыз етіп отыр. Яғни, зауытты жаңғырту нәтижесінде Атырау мұнай өңдеу зауытынан облыстық бюджетке түсетін салық төлемдерінің көлемі 2,2 есеге артты.
Бүгінгі таңда Атырау мұнай өңдеу зауыты салық төлемдері бойынша облыстағы екінші салық төлеуші, «Теңізшевройлдан» кейінгі орында.
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша. Атырау мұнай өңдеу зауыты бюджетке шамамен 54,1 млрд теңге төледі, жергілікті бюджетке – 33,6 млрд теңге, республикалық бюджетке – 20,5 млрд теңге.
Кәсіпорын тек Атырау облысының ғана емес, бүкіл Батыс Қазақстанның экономикасының дамуында шешуші рөл атқаратыны сөзсіз.
Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мұнай өнімдерінің сұранысқа ие түрлерін өндірудің оң динамикасына да, салықтың өсуімен көрінетін жаңа салалардың экономикалық көрсеткіштерінің өсу динамикасына да айтарлықтай әсер етті деп сеніммен айтуға болады.
Бүгінде біз біртұтас Атырау облысы бойынша қол жеткізілген нәтижелерінің тиімділігін айтып отырмыз. Атырау мұнай өңдеу зауыты өндіретін мұнай өнімдерін жеткізу географиясын қарастыра отырып, зауытты жаңғырту жалпы Батыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етті деуге болады.
Ерлан ЖАУКИН