Әлем жаңалықтары

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили 9 жылға сотталды

Фото/ Irakli Gedenidze

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили 9 жылға сотталды, деп жазды qandastar.kz

Тбилиси қалалық соты Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді мемлекет бюджетін жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, оны тоғыз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот тергеу нұсқасы бойынша, Саакашвили президент болып тұрған кезінде мемлекеттік бюджеттен шамамен 9 миллион лари (шамамен 1,58 млрд теңге) мөлшерінде ақшаны люкс заттарға жұмсаған, оның ішінде костюмдер мен пиджактар, қымбат қонақ үйлер, СПА қызметтері бар.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай,  Саакашвили бұл шығындардың президенттің ресми міндеттерімен байланысты екенін мәлімдеді. Жалпы экс-президент айыптауларды қабылдамай, іс саяси мотивпен жүргізілгенін айтты. Ол қазір басқа істер бойынша алты жылдық жаза мерзімін өтеп жатыр. Михаил Саакашвили 2004-2013 жылдар аралығында Грузия президенті болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close