Жаңалықтар

Қазақстанда балаларға арналған SIM-карталар енгізіледі

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда балаларға арналған SIM-карталар енгізіледі, деп жазды qandastar.kz

Елдің Оқу-ағарту министрлігі осындай бастама көтерген. Бұл ата-аналарға баланың телефонды қалай қолданатынын бақылауына мүмкіндік береді, дейді вице-министр Еділ Оспан. Соған сәйкес енді ұялы байланыс операторлары арнайы SIM-карталар шығаратын болады. Ал ата-аналар балаларына осы сим-карталарды сатып алуға міндеттелмек.

«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, балаларға арналған SIM-карталарды пайдалану байланыс операторларының тарапынан қолдау тауып, цифрлық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бастамалармен қатар жүреді. Ата-аналар балалардың қауіпсіздігін бақылау үшін жоғары технологияларды пайдалана алады», — деді вице-министр.

Арнайы SIM-карталарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажетсіз контенттен қорғайтын фильтрлер енгізіледі. Бұдан бөлек геолокацияның көмегімен баланың орналасқан жерін көруге болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close