Жаңалықтар

Айгүл Орынбек мешіттегі садақаны қадағалау қажеттігін айтты

Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық құрылтайдың отырысы барысырда өткен секцияда заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек қоғамдағы өзекті мәселелердің бірін көтерді, деп хабарлайды qandastar.kz

Ол мешіттерге жиналатын садақа қаражатының ашықтығы туралы мәселе көтерді.

Мешіттерге садақа ретінде көп қаражат бөлінеді, бірақ оның нақты қайда жұмсалып жатқаны белгісіз. Біз бұл қаржыны қандай да бір күмәнді ұйымдарға немесе экстремистік топтарға аударып отырған жоқпыз ба? Осы мәселені мемлекет деңгейінде бақылауға алуымыз қажет, – деді заңгер.

Орынбек алдағы уақытта бұл ұсыныстың нақты нәтижесін көретініне сенім білдірді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close