Қаржы және төлемдер

Астанада әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне қатысты сот отырысы басталды

Фото: ашық дереккөз

Астанада танымал әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Ансар Қажымұханұлына қатысты сот отырысы басталды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Әзірге істің егжей-тегжейі ашық жарияланбағанымен, біз оның есімі аталған қылмыстық істің мән-жайын анықтап көрдік. Әңгіме 50 мың доллар жайында, деп хабарлайды  qandastar.kz  Nege.kz-ке сілтеп.

Ұлытау облысында былтыр облыстық ғылыми-әдістемелік орталық қызметкерлеріне қатысты сеніп тапсырылған мүлікті иемдену фактісі бойынша іс қозғалған болатын. Осы іс аясында жасырын тергеу амалдарын жүргізгенде, аталған орталықтың бас бухгалтерінің елордалық полиция қызметкерлерін сатып алмақ болған әрекеті әшкере болды. Ол есірткі заттарын сатуға тырысты деген айыппен ұсталған қызының жазасын жеңілдету үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне пара ұсынған.

Сотта бас бухгалтер әйел кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, 2024 жылдың 28 наурызында адвокаттан қызының Астанада есірткі сақтады және сатуға әрекеттенді деген баппен ұсталғанын естіген. Анасы үрейленіп, таныс туысы арқылы «мәселені шеше алатын» адамдарды іздестіре бастайды. Сол кезде оның туысының күйеу баласы 50 мың долларға «мәселені шешуге» уәде берген. Әйел бұл соманы екі бөлікке бөліп төлеп береді. Бірақ, уәде етілгендей, істің бабын жеңілдету мүмкін болмаған.

Осы іс бойынша сотта сол әйелге уәде берген азамат Ансар Қажымұханұлының есімін атады. Оның айтуынша, Ансар «менде бұл мәселені шешетін адамдар бар» деп сендірген. Ақша берілгеннен кейін, уәде етілгендей нәтиже шықпаған соң, әйел тарапынан қаржыны қайтару талап етіледі. Алайда, тергеу материалдарына сәйкес, Ансар Қажымұханұлы уәде етілген 50 мың доллардың тек 28 мыңын ғана қайтарған.

Тергеу қорытындысы бойынша, Ансар Қажымұханұлының Астана қаласы Алматы ауданының полиция бөлімінде ешқандай да нақты байланыстары болмаған. Алған қаражатты ол жеке басының пайдасына жұмсағаны айтылып отыр.

Ансар Қажымұханұлының бұрынғы жары, әнші Сиви Махмуди жуырда журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында бұрынғы күйеуінің тек балаларына көмектеспегенін ғана емес, тіпті оған қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқанын да айтып берді. Сиви өзінің қауіпсіздігі үшін басқа қалаға көшуге мәжбүр болғанын да мәлімдеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close