Әлем жаңалықтары

Данияр Елеусінов UFC басшысымен келісімшартқа қол қойды

Фото:prosports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) UFC президенті Дана Уайттың жаңа бокс промоушенімен ресми келісімшартқа отырды, деп жазды qandastar.kz

All Stars Boxing промоутерлік компаниясының мәліметінше, Данияр Уайттың жаңа бокс лигасымен келісім жасаған алғашқы қазақстандық боксшы атанды. Жақында Дана Уайт Сауд Арабиясының промоутерлерімен бірлесіп жаңа бокс лигасының құрылғанын жариялады.

Бұл жоба қазіргі төрт ірі бокс ұйымының жүйесінен өзгеше, себебі әр салмақта тек бір ғана чемпион анықталады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов – IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы. Ол биыл наурызда Астанада өтетін бокс кешінде рингке шығуы керек болған, алайда жекпе-жек жүзеге аспады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close