Әлем жаңалықтары

Ресейлік компаниялар Қазақстан арқылы Қытайға көмір тасымалдауға қызығушылық танытуда

Фото: ҚТЖ

Ресейлік компаниялар Қазақстан арқылы Қытайға көмір тасымалдауға қызығушылық танытып отыр. Бұл мәселені Мәскеуде ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев пен РФ Көлік министрі Роман Старовой өзара талқылады, деп хабарлайды qandastar.kz

Қазақстан мен Ресей «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту және Ресей көмірін Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдау мәселелерін талқылады, делінген құзырлы министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Ресей Федерациясының Көлік министрі Роман Старовойтпен және Ресей Федерациясының Энергетика министрі Сергей Цивилёвпен кездесуі өтті. Сондай-ақ келіссөздерге «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РЖД» ААҚ басшылары да қатысты.

«Аталған кездесуге дейін екі елдің теміржолшылары ресейлік көмір өндіруші компаниялардың қатысуымен бірқатар кеңес өткізді. Басқосу барысында тараптар транзиттік тасымалды Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асыруға жоғары қызығушылық танытты, себебі бұл маршрут сұранысқа ие әрі болашағы бар балама ретінде қарастырылып отыр», делінген ресми хабарламада.

Dalanews.kz жазғандай,    кездесу аясында екі ел арасындағы серіктестікті нығайту, тасымалдардың тиімділігін арттыру және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту перспективалары қарастырылды.

Бұған дейін Хьюстонда Халықаралық CERAWeek 2025 энергетикалық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АҚШ Энергетика министрі Крис Райтпен кездескенін жазғанбыз. Тараптар, санкциялық шектеулердің қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа тұрақты жеткізуге әсер ету мәселелерін де талқылаған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close