Жаңалықтар
Қазақстанда ядролық энергетика агенттігі құрылады

Фото: ашық дереккөз
Елімізде ядролық энергетика агенттігі құрылады, деп жазды qandastar.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салу керек екенін айтты. Сөзінше, елде толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет.
«Осы міндеттің айрықша маңызды екенін ескеріп, мен Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек», — деді Тоқаев.