Әлем жаңалықтары

30-дан астам ел Украинаға бітімгер ретінде өз әскерін жіберуге дайын

Фото: Риа новости

30-дан астам ел Украинаға бітімгер ретінде өз әскерін жіберуге дайын, деп жазады qandastar.kz

Бұл туралы Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер мәлімдеді. Батыстық 26 ел көшбасшысы, Еуропалық одақ өкілдері мен НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте 15 наурызда виртуалды жиын өткізді. Онлайн кездесуде, Кир Стармер Украинадағы бітімге қатысты кезекті жоспарды ұсынды. Оның айтуынша, жалпы 35-ке жуық мемлекет Киевке қару-жарақ жеткізуге келіскен. Сондай-ақ, бітімгерлік миссияны қолдау ретінде материалдық-техникалық және барлау қызметін ұсынып отыр.

Бұл Ресей мен Украина арасындағы атыс тоқтап, Кремльдің қайта соғыс ашуына жол бермеу үшін қажет. Алайда, Мәскеу билігі НАТО әскерін Украина жеріне кіруіне түбегейлі қарсы.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, елдің Сыртқы істер министрлігі бұл бастаманы орынсыз деп тапқан. Бірақ Ұлыбритания Премьер-министрі Ресейден рұқсат сұрамайтынын ашық айтты. 20 наурыз күні қорғаныс басшыларының коалициясы өтіп, оған АҚШ билігі ат салысатын болады. z

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close