Жаңалықтар

Қазақстанда қандастар үшін азаматтық алу тәртібі жеңілдетілді

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тарихи отанына оралған этникалық қазақтар үшін төрт мемлекеттік қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіле бастады. "Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту" қызметі қоныс аударушыларға қажет тағы үш қызметпен бірге көрсетіледі, деп хабарлайды.

Осылайша, көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш бергеннен кейін «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу», «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу» қызметтерін пайдалана алады.   Ведомствоның ақпараты бойынша, «бір өтініш» қағидаты бойынша қызмет көрсету мерзімдері:   – қандас мәртебесін беру немесе ұзарту – 4 жұмыс күні;   – қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу – 14 жұмыс күні;   – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 45 күнтізбелік күн;   – Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу – 30 жұмыс күні.   Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.   Осы композиттік мемлекеттік қызметті алу мақсатында қандастарға бірыңғай тізбеге сәйкес тиісті құжаттарды ұсыну жеткілікті», — деп толықтырды Еңбек министрлігінде.   Естеріңізге сала кетейік, елден кеткен қазақстандықтардың саны келгендердің санынан үш есе көп. 2021 жылғы қаңтардан маусымға дейін елге 4,6 мың адам келді — бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 34,9%-ға аз. Сонымен қатар, пандемияға қарамастан, 14,2 мың адам елден кетті, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 29,3%-ға көп. Читать: https://www.kt.kz/kaz/state/_1377921179.html

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close