Әлем жаңалықтары
Трамп Қытайға 50%-дық жаңа салық саламын деп қорқытты

Фото:ашық ақпарат
Егер ресми Бейжің Құрама Штаттарға қарсы қабылдаған тарифтерін бүгін алып тастамаса, аталған салық ережелері 9 сәуірде күшіне енуі мүмкін, деп жазады qandastar.kz
aikyn.kz хабарлағандай, осылайша азиялық елдің тауарларына салынатын сауда салығының жалпы көлемі 104%-ға жетпек.
Трамп бұған дейін 34%-дық шектеу енгізген еді. Бейжің де осындай көлемде қарымта жауап берген.