Жаңалықтар

Бүгіннен бастап жанармай акцизі көтеріледі

Фото: Орда.кз

Бүгіннен бастап жанармай акцизі көтеріледі, деп жазды qandastar.kz

Үндістан билігі осындай қадамға баруға мәжбүр. Бұған әлемдік нарықтағы мұнай бағасының құлдырауы түрткі болған. Акциздік алымдар дизель отыны үшін де ұлғайтылмақ. Үндістан үкіметі мұндай шешімді қара алтын құны құлаған сайын қабылдайды.

Алайда, бұл жанармай құю бекеттеріндегі бөлшек бағаға әсер етпейді деп сендіреді. Айта кетейік, Трамп салық көлемін ұлғайтқалы, мұнай бағамы құлдырап барады. Бір аптада оның құны 10 долларға арзандаған.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, Brent маркасы 64 доллар 30 центке саудаланып жатыр. WTI мұнайының бір баррелі 60 доллар 70 центке арзандаған. Әлемдік нарықтағы мұндайдың ең төмен бағасы, осыдан төрт жыл бұрын тіркелген болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close