Қаржы және төлемдер
Медицинаға салынатын салық мәселесі екінші оқылымға дейін қайта талқыланбақ

Фото: ашық дереккөз
Медицинаға салынатын салық мәселесі екінші оқылымға дейін қайта талқыланбақ, деп жазды qandastar.kz
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бұл шетін мәселе екені ескертті. Депутаттар егер салық енгізілсе, қарапайым халыққа салмақ, әрі сау ұлтты қалыптастыруға жасалған қиянат деп есептейді. Қосымша салық саланы өрге бастырмайды. Бұдан білікті мамандарымыздан айырылып қалу қауіпі де басым деді. Жұманғаринның сөзінше, бұл алаңдайтын мәселе емес. Өйткені халық онсыз да мемлекет есебінен ем алып жатқанын айтады. Қосылған құн салығы ақылы медициналық қызметтерге салынбақ – 10%. Ал кей дәрі-дәрімектер әлеуметтік тізімге енгізіліп, одан алым алынбайды.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, ол тізімді Үкіметтің өзі бекітпек. Депутаттардың пайымынша, онкология мен орфандық ауруларға арналған препараттарға салық салынбайды. Ал эпилепсия, психикалық бұзылыстар, инсульттан кейінгі ем, неврологиялық дәрілер әлеуметтік тізімге енгізілмеген. Демек жеңілдік жоқ. Бұған депутаттар қарсы.