Жаңалықтар
Президент Шымкент қаласына барды

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді, деп хабарлайды qandastar.kz
Президент жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму тынысымен танысады, – делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұған дейін, Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабит Сыздықбековке қала экономикасын әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын.