Әлеумет және қоғам

Әуе билеттері неліктен қымбат — сенатор жауабын айтты

Фото: pixabay
Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев 2025 жылғы 17 сәуірде палатаның пленарлық отырысында еліміздің азаматтық авиациясы қандай мәселелермен бетпе-бет келіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды  qandastar.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сүйіндік Алдашев саланың басты ауыртпалығы авиациялық отынның жетіспеушілігі екенін атап өтті.

«Отандық мұнай өңдеу зауыттары өсіп келе жатқан сұранысты толығымен қамтамасыз ете алмауда, сондықтан қалған бөлікті импорт есебінен жабуға тура келіп тұр. Қазірдің өзінде тапшылық шамамен 237 мың тоннаны құрайды. 2030 жылға қарай қажеттілік 550 мың тоннаға дейін өседі. Бұл ретте, әуе билеттерінің құны да қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Жанармай негізінен билет құнының 36,5%-ын құрайды. Техникалық қызмет көрсету-14,9%, әуежай қызметі – 10,7% және жолаушыларға қызмет көрсету – 6,1%»,- деді депутат.

Сондай-ақ, оның сөзіне сүйенсек, әуежайларды дамытуда жүйелі көзқарас жоқ. Көпшілік әуежай жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады осылайша шығынға ұшырайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close