Қаржы және төлемдер

Енді зейнетақы жинаған балалардың еміне жұмсауға болады

Енді зейнетақы жинаған балалардың еміне жұмсауға болады, деп жазды qandastar.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тиісті өзгерістерге қол қойды. Соған сәйкес, өтініш беруші немесе оның заңды өкілі қажет соманы зейнетақы қорынан сұратып алуы қажет.

Біржолғы зейнетақы төлемін емделуге пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы уәкілетті оператордың интернет-ресурсында авторизациядан өтіп, жеке кабинет ашып, онда электрондық өтініш толтырылады. Өтініште сомасы мен қаражатты пайдалану мақсаты көрсетіледі.    atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін, алушы немесе оның заңды өкілі қалаған медициналық ұйымды таңдай алады. Құжатта стоматологиялық қызметтерге қатысты талаптар да нақты көрсетілген.

Атап айтқанда, медициналық ұйым азаматқа дәрігерлік консультациялық комиссия қорытындысын ем басталғанға дейін және ем барысында электронды не қағаз нұсқада ұсынуға міндетті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close