Жаңалықтар

Алматы әкімдігі «Ерболат Досаевтың хабарламасына» қатысты мәлімдеме жасады

Фото: әкімдік

2025 жылдың 18 сәуірінде Алматы әкімдігі қала әкімі Ерболат Досаевтың атынан жалған хабарламаларға байланысты қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды   Qandastar.kz Zakon.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі ресми ескерту жасады:

«WhatsApp мессенджерінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан жалған хабарламалар таралып жатыр. Бейтаныс адамдар +7 707 342 64 39 нөмірінен, сондай-ақ, басқа да мүмкін болатын нөмірлерден хабарлама жіберіп, қоңырау шалуда.» Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ресми түрде хабарлаймыз:

«Алматы қаласы әкімдігі мұндай сипаттағы хабарламаларды таратпайды. Мұндай хабарламаларды тарату мен бейтаныс тұлғалардан келетін қоңыраулар – алаяқтық әрекеттер.» Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сіздерден өтінеміз:

  • мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер
  • күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер
  • жеке деректеріңізді таратпаңыздар

«Сақ болыңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Егер осындай хабарлама алсаңыздар – құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар.» Алматы қаласының әкімдігі

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close