Жаңалықтар

«Импичмент»: АҚШ-тың бірнеше қаласында Трампқа қарсы наразылық акциялары өтті

Фото: Deutche Welle

АҚШ-тағы Вашингтонда, Нью-Йоркте, Сан-Францискода және бірнеше қаласында Трампқа қарсы митингтер өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шерушілер Ақ үй басшысының авторитарлық басқару стилі және заңсыз иммигранттарды тиісті процедурасыз депортациялағанын айыптады.

Вашингтонда жүздеген демонстрант Ақ үй алдына жиналды. Олар «Король жоқ» және «Трампқа импичмент жариялау» деген плакаттар ұстап шықты. Наразылық білдіруші Бенджамин Дугластың айтуынша, билік ксенофобияны өршіту және белгіленген құқықтық кепілдіктерге нұқсан келтіру үшін жеке тұлғаларды пайдаланады.

Нью-Йоркте жиналатын орын қоғамдық кітапхананың алдындағы алаң болды. Олар Трамптың жасап жатқаны Адольф Гитлердің билікке келу кезін еске түсіреді дейді.

Сан-Францискодағы Мұхит жағажайына жүздеген адам жиналды. Олар “IMPEACH + REMOVE” (импичмент+алып тастау) деген жазуды денелеріне жазып алған. Басқа наразылық білдірушілер қайғы-қасіреттің дәстүрлі символы – төңкерілген америкалық туды ұстады.

Сенбі күнгі шерулердің ұйымдастырушысы 50501 тобы болды, яғни 50 штатта 50 наразылық және бір қозғалыс.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та Трамп пен Маскқа қарсы жаппай митингөтіп жатқаны айтылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close