Жаңалықтар
Қазақстанда мұғалімнен ақша бопсалаған блогер ұсталды

Фото: Шымкент ПД
Шымкентте жалпы білім беретін мектеп қызметкері полицияға арызданғаннан кейін блогерді ірі көлемде ақша бопсалау күдігімен ұсталды, деп жазды qandastar.kz
Ер адам өзінің медиялық мәртебесін пайдаланып, педагог туралы әшкерелейтін ақпаратты тарататынын айтып, қорқыту арқылы оны жарияламау үшін 1,2 миллион теңге талап еткен.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция азаматтарға қысым көрсеткен, қоқан-лоқы жасаған және бопсалаған адамдардың іс-әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Сондықтан полиция азаматтарды мұндай жағдайларда қорықпай, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.