Жаңалықтар

Алиментті аз төлеу үшін табысын жасыратындар анықталмақ

Фото: ашық дереккөз

Алиментті аз төлеу үшін табысын жасыратындар анықталмақ, деп жазды qandastar.kz

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың сөзінше, борышкерлердің кіріс көзін тауып, олардан қарызды өндіріп алуға бола ма, жоқ па талдау жүргізілмек. Кіріс көзі ретінде электрондық әмияндар, букмекерлік компаниялар, бағалы қағаздармен сауда биржасы, криптовалюта операциялары, желілік маркетинг, такси қызметтері қаралмақ. Әрі агрегатор-сайттар арқылы яндекс, индрайвер және т. б. арқылы жұмыс істейтін борышкердің жасырын табысы анықталмақ.

«Қазіргі уақытта алимент өндіріп алуды жетілдіру мәселелері Парламент Сенатында қаралып жатқанын атап өткім келеді. Сенатта тиісті мемлекеттік органдардың және жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының, сондай-ақ қоғам өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды», — деді ведомство басшысы.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close