Жаңалықтар
БҚО-да екі оқушы қаза тапты

Фото: ашық дереккөз
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 сәуір күні Бәйтерек ауданы аумағында Переметный-Белес жолында болды. Шамамен сағат 11.00-де Jac N56 және «ВАЗ-2110» көліктері соқтығысты, деп хабарлайды qandastar.kz
– Жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Жеңіл автокөлікте 2008 және 2010 жылғы жасөспірімдер болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Полиция департаменті мерт болғандардың отбасыларына көңіл айта отырып, ата-аналардың балаларының қауіпсіздігіне мұқият қарауы керектігін еске салады, — деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұмдардың бірі 2008, екіншісі 2010 жылғы, екеуі де – мектеп оқушылары.