Жаңалықтар
Руслан Берденов оққа ұшып, ауруханада жатыр

Фото: remedial
21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында Шымкент қалалық әкімдігінің маңында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалды, деп жазды qandastar.kz
Кейбір дереккөздерге сенсек, Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің маманы Ернар Жиенбайұлы қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке «Сайга-12» аңшы мылтығынан үш рет оқ атқан.
Оқиға әкімдік ғимаратының маңында болып, оқ шенеуніктің денесінің төменгі бөлігіне тиген. Берденов ауыр жарақат алған. Шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген шенеунікке қазір медициналық көмек көрсетілуде.
Құқық қорғау органдарындағы сенімді дереккөздің хабарлауынша, оқ атқан азамат оқиға орнында ұсталған.
Ertenmedia.kz оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Ішкі істер министрлігіне, Шымкент қалалық полиция департаментіне, сондай-ақ Руслан Берденов мүшесі болып табылатын «Республика» партиясының баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады.
Айта кетейік, Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне биыл ақпан айында ғана тағайындалған болатын.