Қаржы және төлемдер
Гүлмира Сатыбалдыға тағы бір айып тағылды

Фото: видеодан кадр
Олигарх Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды qandastar.kz
Белгілі болғандай Гүлмира Сатыбалды тұрғын үй кешенінің құрлысы кезінде заңсыз әрекеттерге барды деп күдіктелуде.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалды Г.К. мен басқа да тұлғаларға қатысты Vostochka көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы барысында заңсыз әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр», – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Еске салсақ, осыған дейін Назарбаевтың экс-келіні Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шыққан еді. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлмира Сатыбалдыға 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша құқық бұзушылық жасады деген айып тағылған. Гүлмира Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы Абай Жүнісов оның нұсқауымен 2019 жылдың 13 ақпанынан шілдесіне дейін алты ай бойы өз еркінен тыс үйқамақта ұсталғанын айтып, сотқа жүгінген. Сонымен қатар ол Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелін олардың ортақ бизнесі – Baur Kazakhstan АҚ активтерін тартып алды деп айыптаған.