Жаңалықтар
Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды

Фото: ашық дереккөз
Тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерінің мәйіті табылды.
ҰҚК мәліметінше, оқиғаға байланысты полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп жазды qandastar.kz
“2024 жылғы 21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерінің мәйіті табылды. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда”, – делінген ҰҚК хабарламасында.