Білім
Бүгін – Ұлттық кітап күні

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын, деп хабарлайды qandastar.kz
Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.
– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.