Жаңалықтар

«Болжамдардың бәрі қате»: Шымкент әкімдігі Берденовтің оқиғасына қатысты пікір білдірді

Фото: ашық дереккөз

Берденовке қатысты оқиға туралы айтылып жатқан барлық пікір жалған. Бұл туралы Шымкент өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты, деп жазады qandastar.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

«Дәл оқиға болған кезде бәріміз жұмыста болғанбыз. Абырой болғанда полиция да, жедел жәрдем де дер кезінде келді. Берденов ауруханаға жеткізіліп, ұзақ уақыт ота жасалды. Біз сол түні сағат 02:30-ға дейін ауруханада болдық», — дейді Сәрсен Құранбек.

Айтуынша, күдіктінің бұл әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

«Әлеуметтік желіде күдіктінің не үшін барғаны туралы әртүрлі алып-қашпа ақпарат тарап жатыр. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды. Бұл істі қазір полиция зерттеп жатыр, біз оқиға туралы еш ақпарат айта алмаймыз», — деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде сағат 20:30-да Шымкентте дәл әкімдік қасында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті. Оны көлік жүргізушісі құтқарып қалған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close