Жаңалықтар

Мұрат Әбділдә қайта қамауға алынды

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Түркістан қаласының ауданаралық сотында Сауран аудандық полиция бөлімінде блогер Мұрат Әбділдәға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойды, деп хабарлады qandastar.kz

Жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасын орындауға жолдау жөніндегі ұсынысы қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 23.08.2024 жылғы қаулысына сәйкес азамат М.Абдиллаевқа сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00 аралығында  үйінде болуға міндеттелген. Дегенмен азамат М.Абдиллаев сот жүктеген міндеттерді өз дәрежесінде орындамаған.

Атап айтқанда, учаскелік полиция қызметкері 17.03.2025ж. түнгі уақытта Мұрат Әбділдәнің тұрғылықты мекен-жайын тексеруге барған уақытта үйінде болмаған. Сот процессі барысында полиция бөлімінің жүйелі бұзушылықтар туралы дәлелдері расталды.

Айта кетейік, блогер Мұрат Әбділдә әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде отырып, былапыт сөйлегені үшін 2022 жылдың 31 наурызында Қылмыстық кодекстің 174 бабының 1 бөлігімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді. 2024 жылы 9 қыркүйек күні шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close