Әлеумет және қоғам
«Жүзігі – 150 миллион теңге»: Динара Сәтжанның неке қию кезіндегі образы қызу талқыға түсті

Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал журналист Динара Сәтжанның неке қию кезінде киген образының бағасы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, журналист белгілі меценат Жұмабек Жанықұловпен шаңырақ көтерген болатын.
“Динараның үстіне киген шапаны өзінің киім дүкенінен, бағасы – 450 мың теңге. Ақ көйлегі – 200 мың теңге. Сырғасы – 7 миллион 430 мың теңге. Алғасы – 15 миллион 921 мың теңге. Білезігі толық гауһартаспен көмкерілген, бағасы – 26 миллион 930 мың, сақинасының бағасы – 17 миллион 100 мың теңге. Cartier брендінің сақинасы – 2 миллион 211 мың теңге. Осы коллекциядан білезін де тағыпты, оның бағасы – 6 миллион теңге. Тағы да қымбат брендтен алынған білезігінің бағасы – 2 миллион 300 мың теңге. Қолына сән беріп тұрған Yana брендінің слив білезігі – 6 миллион 908 мың теңге. Неке жүзігіне келетін болсақ, оның бетінде өте үлкен гауһартас орнатылған. Бағасы – 150 миллион теңге. Сонымен барлығы, 235 миллион 836 мың теңгеге шықты”, – деді блогер Жансая Махамбаева.
Одан кейін тележурналист мәхрге не сұрағанын да айтқан еді.
“Біз мешітте некемізді қидық. Неке қиюды Нұрлан имам жүргізді. Сол кезде махр туралы сөз қозғалды, бірақ маған “махрға не сұрайсың?” деген сұрақ қойылмады. Елестетіңіздерші, сұрамады! Өзім Нұрлан имам сұрайды деп күткен едім, бірақ ол сұрақты қоймады. Дегенмен, менің махрым бар. Не алғанымды ашып айтпаймын», – деді ол.