Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қызылша және көкжөтел бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалып отырғанын мәлімдеді

Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері соңғы уақытта елімізде қызылша және көкжөтелмен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлағанын мәлімдеді, деп жазды

 

Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қызылша бойынша 75% жағдай және көкжөтел бойынша 87% жағдай жоспарлы вакцинация алмаған балаларға тиесілі. Министрліктегілер нақты қанша бала қызылшамен және көкжөтелмен сырқатаннып жатқанын хабарламады.

Айта кетейік, Қазақстанда 27 сәуірде еуропалық иммундау апталығы басталды, бұл шара 3 мамырға дейін жалғасады.

“Вакцинаның арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия тіркелмеген. Эпидпаротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті – 32 есе, В гепатиті – 92 есе, қызамық 2 мың еседен астам төмендеді”, – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғайды.

Еске салсақ, 2024 жылдан бастап Ұлттық күнтізбеге 11-13 жас аралығындағы қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау қосылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close