Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі маңызды хабарландыру жасады

Фото: gov.kz

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті азаматтарға үндеу жасады,  деп хабарлайды qandastar.kz

– Құрметті азаматтар! Жаңа түрдегі есірткі қауіптерінің тез таралуы мен жастарды заңсыз есірткі айналымына тартуда цифрлық арналардың қолданылуына байланысты біз қоғам ретінде балаларымызды, жақындарымызды және еліміздің болашағын қорғау үшін күшімізді біріктіруіміз қажет.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі қылмыстарын, әсіресе кәмелетке толмағандарды тарту жағдайларын анықтау, жолын кесу және алдын алу бағытында бар күш-жігерін салып жұмыс жүргізуде. Алайда бұл мәселені тек құқық қорғау органдарының күшімен шешу мүмкін емес.

Сіздерді бей-жай қалмауға шақырамыз. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Заңсыз сату бойынша күдік тудыратын интернет-ресурстарға, граффити мен кодтары бар жарнамаларға мән беріңіздер.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close