Жаңалықтар
«Астана банкінің» бұрынғы басшысы сотталды

Фото:Скриншот видео
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Олжас Тоқтаровты банкке агенттік қызмет көрсеткен болып көрініп, қаржы жымқыру және банкрот болуға жақын кезеңде Алматыдағы бизнес-орталықты өз бақылауындағы компанияға заңсыз аудару деректері бойынша кінәлі деп тапты, деп жазады qandastar.kz
«Тоқтаров сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оның жалпы құны 14 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүліктері, әкімшілік және өндірістік нысандары, құрылыстары, жер телімдері, бағалы қағаздары мен криптовалюталары тәркіленетін болды», – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров.
Сонымен бірге, бұл іске қатысы бар банк филиалының, бөлімдерінің және менеджмент құрамындағы бұрынғы қызметкерлері де кінәлі деп танылды. Алайда олардың барлығы тергеу мен сотта белсенді көмектескендіктен, бас бостандығынан айырылған жоқ. Қазіргі уақытта Тоқтаров халықаралық іздеуде жүр және экстрадициялануы тиіс тұлғалардың тізіміне енгізілген.