Білім

Министрлік соңғы қоңырауға қатысты өзгерісті хабарлады

Фото: ашық дереккөз

Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. 217 мыңнан астам 11-сынып оқушысы мектеп бітіреді,  деп хабарлайды qandastar.kz

Былтырғыдай, соңғы оқу күні – 23 мамырда еліміздің барлық мектебінде «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді.

– Бұл – бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады.Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Балалардың оқудағы әрбір жетістігі – болашағымыздың іргетасын берік етіп қалаудың негізі, – деп мәлімдеді министрлік.

Биыл оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты іс-шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24  мамырда өтеді.

– Сондай-ақ барлық оқушы үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз, – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close