Қаржы және төлемдер

Еңбек инспекциясы жұмыс барысындағы өтемақы мен жеңілдіктерге қатысты түсіндірме жүргізді

Фото: ашық дереккөз

Еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Данияр Балтабай зиянды жерде жұмыс істейтіндерге қандай өтемақы мен жеңілдік берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды qandastar.kz

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қазақстандықтар қандай жеңілдіктер мен өтемақылар алады?

«Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес, ауыр немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер зиянды факторлардың әсері үшін жеңілдіктер мен өтемақылар алуға құқылы. Оларға заң бойынша 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс аптасын, жыл сайынғы еңбек демалысына қосымша кемінде 6 күнтізбелік күн ақы төленетін демалыс, көтермеленген еңбекақы алуына құқығы бар», — деді сарапшы.

Сөзінше, көтермеленген жалақы мөлшері ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің ішкі актілерінде зияны мен қауіптілігін көрсететін дәрежесін көрсететін салалық коэффициенттерді ескере отырып, заңнамалық деңгейде бекітілген өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне сәйкес айқындалады. Зиянды факторлардың әсерінен болатын аурулар мен уланудың алдын алу үшін жұмыс беруші сүт немесе арнайы диеталық өнімдерді ұсынуға міндетті. Бұл өтемақылар зиянды және қауіпті еңбек жағдайларын растайтын өндірістік объектілерде аттестациялар нәтижесі бойынша беріледі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close